Energyprom.kz дерегінше, салада жыл қорытындысы бойынша оң динамика байқалады.
Мәселен, 2022 жылы металл кендерін өндіру көлемі бір жыл бұрынғы 3,28 трлн теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 3,42 трлн теңгені құрады. Ал металлургия секторындв 2021 жылғы 7,68 трлн теңгенің орнына қазірдің өзінде 9 трлн теңгеден астам өнім шығарылды.
Металл кендерін өндіру құндық мәнде тау-кен өндіру секторының жалпы өнімінің 14%-ға жуығын қамтамасыз етті, ал өңдеу өнеркәсібіндегі металлургияның үлесі 44%-ға жуық. Жалпы алғанда, ТМК республикадағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 26%-ын қамтамасыз етті, яғни республиканың бүкіл өнеркәсібінің төрттен бірінен астамы металдарды өндіру мен өңдеуге негізделген.
Физикалық мәнде ферроқорытпалар өндірісі 2,6%-ға немесе 2,1 млн тоннаға дейін өсті, бірақ болат өндіру 8%-ға немесе 4,1 млн тоннаға дейін, ал шойын – 10,3%-ға, 3,2 млн тоннаға төмендеді.
Түсті металлургияда алюминий өндіру артты (0,2%-ға, 1,6 млн тоннаға дейін), мыс өндіру аздап төмендеді (1,2%-ға, 453 мың тоннаға дейін).
Қорғасын мен мырыш өндірісі тиісінше 108,8 мың және 266,3 мың тоннаға дейін төмендеді. Алтын өндіру 13%-ға өсіп, 129,6 тоннаны құрады.
Экспорттық жеткізілімдерге келетін болсақ, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша металдар мен металл бұйымдары еліміздің жалпы экспортының 14%-дан астамын (11 млрд доллар) және ТМД елдеріне экспорттың шамамен 21%-ын (2,8 млрд доллар) құрады.
Салыстырар болсақ, бұл азық-түлік, химия, жеңіл өнеркәсіп және ағаш өңдеу өнімдерінің экспортынан 1 млрд долларға жуық артық.