Елімізде фишингтік шабуылдар саны артты

1137

Ал жалпы кибершабуылдар көрсеткіші төмендеген.  

Елімізде фишингтік шабуылдар саны артты

2020 жылдың қаңтар-тамызында республика аумағында 11 мың кибершабуыл тіркелген. 
Өткен жылдың осы кезеңінен 23,4%-ға төмен. 2019 жылы олардың саны 14,4 мың болған еді. Бұл ботнеттер санының 42%-ға азаюымен байланысты, деп хабарлады ranking.kz. 
Ал жалпы шабуылдар үлесінде аталған кибер құқық бұзушылық түрі 63,2%-ды құрайды. 

Бұл ретте ботнет — қылмыскерлерге өзге адамның компьютерін қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар орнатылған компьютерлер жүйесі екенін еске сала кеткен жөн. 

Алайда елімізде IT шабуылдардың кейбір түрінің саны арқанын байқауға болады. Мәселен, банктік деректерді ұрлауға мүмкіндік беретін — фишингтік шабуылдар көбейген. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының аралығында республика аумағында 853 осындай заң бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  12,1%-ға жоғары. 2019 жылдың осы кезеңінде 761 фишингтік шабуыл анықталған еді. Осы орайда мамандар елімізде мұндай операциялар жасауға тыйым салынғанын және оған жаза көзделгенін ескертеді. 

Бұған қоса Қазақстанда DDoS-шабуылдар да көбейген. Ол қызмет көрсетуден бастарту сынды өте қауіпті жүйелік шабуыл. Оның нәтижесінде жүйені заңды қолданып отырғандардың жұмысы бұғатталады. Биылғы жылдың сегіз айында мұндай 206 кибершабуыл тіркелген.  Өткен жылмен сатыстырғанда (148 шабуыл) көрсеткіш 39,2%-ға жоғары.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу