Елімізде газ арзандауы мүмкін

1017

Елімізде газ арзандауы мүмкін

Жыл аяғына дейін елімізде баламалы және жаңартылған қуат көздерін өндіретін 9 нысан іске қосылады. Бұл туралы бүгін Сенатта "Париж келісімін ратификациялау туралы" заң жобасын таныстырған энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Сала басшысы атап өткендей, электр қуатын тасымалдаушы компаниялармен тиісті шарт жасалды. Сондай-ақ мұнай саласында да оң көрсеткіш байқалады. Жыл соңына дейін "Қашаған" кенішінен 1 миллион тонна қара алтын алынады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін өндіріс орнын іске қосу, реттеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Сөйтіп, келер жылғы өндіріс көлемі 7 миллион тоннаға ұлғаймақ. Соның әсерінен көгілдір отын бағасы арзандауы мүмкін. Ал қара алтын құнында өзгеріс болмайды. Себебі шикізат экспортқа жөнелтіледі, дейді министр.

"Неменеге арзандайды ол? Ол жүз пайыз экспортқа кетеді. Газды "ҚазТрансГаз" сатып жатыр. Оның өз әсерін тигізетін мүмкіндіктері бар. Мұнай жүз пайыз экспортқа кетіп жатыр", – ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу