Елімізде газбен жүретін көлік саны артты

310

Былтыр газбен жүретін көліктердің саны 582 мыңды құрады. 

Елімізде газбен жүретін көлік саны артты Фото: inbusiness.kz

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Министрлік тоқсан сайын өңірлер бойынша шамамен 360 мың тонна сұйытылған газды бөледі. Алайда, тоқсандық өндіру мен бөлу көлемі басынан өңірлердің қажеттіліктерінен 130 мың тоннаға немесе 26%-ға аз. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы газбен жүретін көліктердің саны 582 мың болды немесе 2022 жылмен салыстырғанда  он сегіз пайызға көбейген. Сұйытылған газға төмен баға белгілеуге байланысты еліміздің автокөлік жүргізушілерінің осы отынға ауысуы байқалады, бұл өз кезегінде тұтынудың артуына себеп болып отыр", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы сұйытылған газға өңірлер бөлінісінде, әсіресе шекаралас өңірлерде сұраныстың өскенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу