Елімізде газбен жүретін көліктер саны артты

1167

Елімізде газбен жүретін көліктер саны артты

2016  жылы газ қондырғысы орнатылған көліктердің саны  2,3 есеге артқан. Бұл туралы еліміздің автобизнес қауымдастығы мәлім етті.

Былтыр газ қондырғылары орнатылған көліктің жалпы саны 111,4 мың бірлікті құрады.

"Үкімет 2016 жылы  АИ-92/93 маркалы бензин бағасын, ал  2016  жылдан бастап дизельдік отын бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Сұранысқа ие отын түрлерінің бағасы барған сайын қымбаттап келеді. Осыған байланысты  көлікті баламалы отын түрлеріне, атап айтқанда газға көшіру белең алды", – деп түсіндірді  ҚАБҚ.

Аталған кезең ішінде барлығы 882,8 мың бірлік техника рәсімделген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4%-ға аз.  Оның 90,33%-ы – жеңіл көлік. Сонымен бірге 10 жылдан асқан жеңіл көліктер – 62,09%, үш жылдан 10 жылға дейін - 25,37%, жаңа көлік 12,54%-ды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу