Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету:
Экономиканың өсуін ескере отырып, табиғи газды ішкі тұтыну айтарлықтай, атап айтқанда 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд текше метрден астамға өсті. Ел экономикасын газбен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік "ҚазақГаз" және "ҚазМұнайГазбен" бірлесіп бірқатар шаралар қабылдауда:
Біріншіден, газ өндіруді ынталандыру бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданды. Екіншіден, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу бойынша жаңа зауыттарды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде, биылғы жылдан бастан тауарлық газ өндірісінің ұлғаюы 2025 жылы айтарлықтай өседі деп күтілуде.
Үшіншіден, қол қойылған Жол картасы шеңберінде "Газпроммен" газ импорты бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді", – деді министр.
Сонымен қатар бүкіл әлемде энергия үнемдеу мәселесі негізгі күн тәртібінде тұр. Ведомство басшысының айтуынша тұтынушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, халық үшін газ бағасын ұстап тұру қажет.
"Алайда газдың төмен бағасын табысы жоғары тұтынушылар да пайдалануды жалғастыруда. Мысалы, 2 есеге жуық температура айырмашылығымен Маңғыстау және Қостанай облыстарының тұтыну көлемі айына орта есеппен 600 текше метр газды құрайды", – деді спикер.
Сондықтан құзырлы министрлік газдың төмен бағасын сақтау оны тиімсіз пайдалануға әкеледі деген қорытындыға келген.
"Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылдың 1-жартыжылдығының сонына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді.
Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізіледі", – деді Ақшолақов.