Елімізде география оқулығы қайта жазыла ма? – министр жауабы

486

Бұл бағытта үлкен жұмыстар жасалып жатыр.

Елімізде география оқулығы қайта жазыла ма? – министр жауабы Фото: kanzori.ru

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп қабырғасында оқытылатын география оқулықтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде сала мамандары география пәнін оқытудағы, соның ішінде оқулықтарға қатысты мәселе көтерді. Олардың сөзінше, оқулықтардың тақырыптарында бірізділік жоқ.

"География оқулығы бойынша мәселелер бар. Оған байланысты қазір тиісті сарапшылар, мұғалімдер жұмыс істеп жатыр. Міндетті түрде кеткен кемшіліктер анықталып, олардың орны толықтырылатын болады. Бірақ бұл оқулықты ауыстыру немесе оны қайта енгізу ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Сондықтан бұл мәселелер география пәнінің мұғалімдерімен өткізілетін семинар, тренингтер шеңберінде реттеліп жатқанын да айта кету керек", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Тілші министрден "География оқулығы қайта жазылуы мүмкін бе?" деп нақтылады.

"Қайта жазылуы мүмкін. Өйткені қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Бұл стандарт пен бағдарламаны өзгертуге қатысты. 2026 жылдан бастап жаңа бағдарламалар мен жаңа стандарттар енгізілетін болады", - деді Ғани Бейсембаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу