Елімізде гидрологиялық және метеорологиялық бекеттердің саны жетіспейді

218

Көктемдегі су тасқыны біраз мәселенің шетін шығарды.

Елімізде гидрологиялық және метеорологиялық бекеттердің саны жетіспейді Фото: kk.wikipedia.org

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев су айдындарында судың көлемін өлшейтін 137 гидробекет қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы "Қазгидромет" жұмысын дамытуға қатысты пікір білдірді.

"Биылғы көктемдегі су тасқынының жағдайы көп нәрсені айқындады, оны жасырмаймыз. Біз әзірге Қазгидрометті дамытуға арналған тұжырымдаманы жасадық. Бірінші мәселе – тарихи, бұрыннан қалған гидропостар мен метеопостардың саны мен қолданылу үлесі. 137 гидрологиялық бекет қажет, оның 42-сі Су ресурстары және ирригация министрлігінің бағдарламасы аясында салынатын болады. Қалғаны бойынша жұмыс Үкіметте жұмыс жүргізіледі. Жоғарыда атап өткен тұжырымдаманың жобасын көруге болады. Алдағы уақытта, Құдай сақтасын, биылғыдай жағдай болса, біз толығымен мағлұмат қолымызда болып, соның нәтижесінде іс-шараларды басқа мемлекеттік органдармен бірігіп әзірлеп отыратын жағдайда болуымыз керек", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, бүгінде елімізде гидрологиялық бекеттер мен метеорологиялық бекеттердің саны жеткіліксіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу