Елімізде ғылымды қаржыландыру артады

779

Алдағы уақытта бұл қаржыға 15 ғылыми зертхана мен 10 ғылыми-зерттеу орталығын құру жоспарлануда.

Елімізде ғылымды қаржыландыру артады

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар есебінен ғылымды қаржыландыру артады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) міндетті шығындарын толығымен орталықтандыру жоспарланып отыр.

"Енді бұл қаржы республикалық бюджетке тікелей түседі. Алдын ала есептеулер бойынша, бұл отандық ғылымды қаржыландыруды жыл сайын 25%-ға арттыруға мүмкіндік береді", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын 
орындау үшін Үкімет өндіруші компаниялардың ғылыми-инновациялық қызметті дамытуға арналған міндетті шығыстары орталықтандырылады.

"Ғылым туралы" заңға, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске және тағы басқа заңдарға түзету енгізіледі. Бүгінде Үкіметте "Атамекен" ҰКП-ның қатысуымен тиісті ведомствоаралық комиссия құрылды. Жол картасына сәйкес республикалық бюджет арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ға аударымдарын орталықтандыруға кезең-кезеңмен көшу көзделеді: 2022 жылы – 50%, 2023 жылы – 75%, 2024 жылы – 100%", - деп жазылды хабарламада.

Осылайша, бұл қаражат Қазақстандағы ғылымды қаржыландыруға жұмсалады, ал үміткер жобалар мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтеді. 

"Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатына 15 ғылыми зертхана және отандық унивеситеттердің базында 10 ғылыми-зерттеу орталығын құру жоспарланып отыр",  деп жазылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу