Елімізде ғылыми атақтар үшін қосымша ақы төленетін болады

586

Ведомствоаралық комиссия ғалымдардың қосымша ақысы бойынша түзетулерді қарады.

Елімізде ғылыми атақтар үшін қосымша ақы төленетін болады

Ведомствоаралық комиссия ғалымдардың қосымша ақысы бойынша түзетулерді қарады.

Бүгін заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы төлеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар үшін қандай қосымша төлемдер жоспарланған:

• философия докторы (PhD), сала бойынша доктор дәрежесі үшін 17 еселенген АЕК мөлшерінде;

•​философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және доцент, ғылым докторы ғылыми атағы және доцент ғылыми атағы үшін АЕК 25 еселенген мөлшерде;

•​ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін 17 еселенген АЕК, ғылым докторы 34 еселенген АЕК мөлшерінде;

•​ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор ғылыми атағы үшін 25 еселенген АЕК, ғылым докторы және қауымдастырылған профессор ғылыми атағы үшін 42 еселенген АЕК мөлшерінде;

•​философия докторы (PhD), сала бойынша доктор және профессор ғылыми атағы үшін, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі мен профессор ғылыми атағы үшін, ғылым докторы ғылыми атағы бар профессорлар үшін АЕК 50 еселенген мөлшерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу