Елімізде халық саны 18 млн 630 мыңнан асты

1569

Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-і немесе 51,5% әйелдер. 

Елімізде халық саны 18 млн 630 мыңнан асты

2020 жылдың1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құрады, деп хабарлайды  Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% - қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады.

Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-і немесе 51,5% әйелдер. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан - Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу