Елімізде халық саны 236,2 мың адамға өсті

2646

2019 жылғы 1 тамыздағы статистикалық дерек бойынша, еліміздегі халық саны 18528,9 мың адамды құраған.

Елімізде халық саны 236,2 мың адамға өсті

ҰЭМ статистикасына сүйенсек, өткен ай басында еліміздегі халық саны 18528,9 мың адамға жеткен. Қалалық жерлерде 10798,1 мың (58,3%) тұрғын тірекелсе, ауыл тұрғындарының саны 7730,8 мың адамды (41,7%) құрап отыр.

Өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда халық саны 236,2 мың адамға немесе 1,3% өсіпті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Нұр-Сұлтан (58,4 мың адам), Алматы қаласы (50,6 мың адам) және Түркістан облысында (46,4 мың адам) қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу