Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18809,2 мың адамға жеткен, оның ішінде қалалықтар саны 11087,5 мың болса (58,9%), ауыл тұрғындарының саны – 7721,7 мың (41,1%).
"2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,9 мың адам), Нұр-Сұлтан (49,5 мың адам) және Шымкент (32,8 мың адам) қалаларында қалыптасты",– деп жазылған статистика бюросының дерегінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу