Елімізде халықтың 40,2%-ы екпе алды

676

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов соңғы 3 айда коронавирустан емделіп жатқандардың саны 2 есе азайғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Елімізде халықтың 40,2%-ы екпе алды

Оның айтуынша, 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек орынның қамтылуы 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсек орынның қамтылуы 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді. 

"Резервте 30 мыңнан астам төсек орын бар. Ем қабылдаушылар саны қысқарды. Соңғы 3 айда науқастардың саны 2 есе немесе 90 767 адамнан 43 397 адамға дейін азайды", – деді Марат Шоранов.

Министрдің бірінші орынбасары COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинамен жалпы халықтың 40,2%-ы қамтылғанын жариялады. 

"8 млн 300 мыңнан астам адам екпенің 1-компонентін алды. Бұл – егілуге тиісті халықтың 73,4%-ы немесе жалпы халықтың 44,3%-ы. 7 млн 600 мыңға жуық адамға вакцинаның 2-компоненті салынды. Бұл – егілуге тиісті халықтың 66,6%-ы немесе жалпы халықтың 40,2%-ы", – деді Марат Шоранов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу