Елімізде халықтың 58,2 пайызы қалада тұрады

907

Ал ауылдықтар саны 7 722,1 мың адамды (41,8%) құрады.

Елімізде халықтың 58,2 пайызы қалада тұрады

2019 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны 18489,7 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Оның ішінде қалалықтар саны 10 767,6  мың (58,2%) болса, ауылдықтар саны 7 722,1 мың адамға (41,8%) жетті.

"2018 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (54 мың адам), Алматы қаласы (50,1 мың адам) және Түркістан облысында (40,1 мың адам) қалыптасты",– деген дерек жариялады статистика комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу