Елімізде халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл пайда болды

574

Президенттің тиісті Жарлығы жарияланды.  

Елімізде халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл пайда болды Фото: gov.kz

Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Параграфқа сілтеме жасай отырып.

Жаңа уәкіл ардагерлерден бастап көп балалы отбасыларға дейінгі барлық осал санаттардың құқықтарын қорғайды. Уәкіл өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын болады.

Омбудсменнің негізгі мақсаты - халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік әрі қоғамдық институттармен өзара іс-қимылда олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 наурызда қол қойған тиісті жарлық Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Мұндай омбудсменнің пайда болуы мүмкін екені 2023 жылдың қаңтарынан айтылып келе жатқанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу