Елімізде химиялық кастрациялау туралы заң күшіне енді

1053

Елімізде химиялық кастрациялау туралы заң күшіне енді

Елімізде педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заң күшіне енді. Оны іске асыруға республикалық бюджеттен 9,5 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды khabar.kz.

Химиялық жолмен жазалау әдісі АҚШ, Канада, Германия секілді елдерде ертерек қолға алынды. Қазақстан да мәжбүр. Өткен жылдың тек 9 айының өзінде кәмелетке толмағандарды зорлау деректері 33 пайызға артқан. 

"Егер 2017 жылдың 9 айы мен 2016 жылдың дәл сол мерзімдегі көрсеткішті салыстырар болсақ, кәмелетке толмаған балаларға қарсы қылмыс, нақтырақ айтқанда, зорлау қылмысының саны 100-ден 133-ке артқан. Өсім - 33 пайыз. Сексуалды мінездемеде зорлық-зомбылық әрекеттері 83-тен 108 жағдайға жетіп, өсім 31 пайызды көрсетіп отыр. Факттың аты факт - елде педофилия өршіп тұр", - дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Педофилды қалай жазалау керек? Қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнамаға халықтың 52,61% өлім жазасын ұсынса, 26,87%  "химиялық әдіспен" жазалауды қолдайтынын айтыпты. Мемлекет екіншісін таңдады. Ол үшін биылғы бюджеттен 9 млн 629 мың теңге де бөлінді. Бұл қаржының қомақты бөлігі 1 млн 936 мың теңгесі Қарағанды облысына бөлінген. Ал ең азы 121 мың теңге Атырау облысына тиесілі. Заңның тиімді болғаны жақсы. Олай болмаса, Қазақстан педофилдерге жазаның ауыр түрін қолдана ма? Бұл енді басқа мәселе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу