Елімізде импорт 7,8%-ға қымбаттаса, экспорт 5,1%-ға арзандады

1436

Өткен жылмен салыстырғанда импорттық шикізат бағасы 2,9%-ға жоғарыласа, экспорттық шикізат құны 7,4%-ға төмендеген. 

Елімізде импорт 7,8%-ға қымбаттаса, экспорт 5,1%-ға арзандады

Статистика комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың алғашқы тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырттан келетін импорттық тауарлардың бағасы 7,8%-ға қымбаттады. Ал шетке шығарылатын экспорттық өнімдердің құны керісінше 5,1%-ға төмендеді. Өткен тамыз айымен салыстырғанда импорттық тауарлар 1%-ға қымбаттаса, экспорттық өнімдер 4,6%-ға арзандады. 

Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда импорттық шикізат бағасы 2,9%-ға жоғарыласа, экспорттық шикізат құны 7,4%-ға төмендеген. Бұдан бөлек, сырттан әкелінетін дайын өнімдер бағасы 7,7%-ға ілгерілеп, өзге елге шығарылаты өнімдер бірден 10,8%-ға арзандады. 

Биылғы жылдың тоғыз айында экспорттық ферроқорытпалар бағасы - 19,4%-ға, хромдалған рудалар 15,8%-ға, цинк 9,9%-ға, мұнай 0,2%-ға төмендеген. Ал отандық бидай 19,1%-ға, арпа 1,8%-ға қымбаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу