Елімізде инфекцияның 52 түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді

932

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осылай деп мәлімдеді. 

Елімізде инфекцияның 52 түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді Фото: primeminister.kz

Оның сөзінше бүгінде инфекциялық ауруларға қарсы екпе салу жұмыстары жалғасуда.

"Биыл халық арасында тырысқақ, оба, дифтерия, сіреспе, полимэлит, безгек аурулары тіркелген жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда инфекцияның 52 түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Оның ішінде қызылшамен ауыру жағдайы 3,7 есе, сальмонеллез 2 есе, менингогок инфекциясын жұқтыру 1,8 есе, сонымен қатар, созылмалы вирусты гепатиттің тарау жағдайы 42%-ға, туберкулез 22%-ға, вирусты гепатит 9,3%-ға төмендеді", – деді вице-министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу