Елімізде инфляция 3,9%-ды құрады

872

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер төмендеген. 

Елімізде инфляция 3,9%-ды құрады

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің хабарлауынша, биылғы жылғы он айда азық-түлік тауарлары бағасы (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) – 7,2%, азық-түлік емес тауарлары 3,8%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,1%-ға төмендеді.

Биылғы жылдың басынан (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі күрішке – 22,5%, ұнға – 19,9%, мұздатылған балыққа – 16%, қой етіне – 15,6%, жармаларға – 15,4%, картопқа – 15,3%, сиыр етіне – 15%, нанға – 13,4%, жылқы етіне – 12,9%, құс етіне – 11,2%, шошқа етіне – 10,5%, макарон өнімдеріне – 9,9%, кофеге – 9,2%, ет өнімдеріне – 9%, мәйекті ірімшікке – 8,3%, сары майға – 7,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 7,4%, шайға 6,3%  шамасында белгіленді. Салқындатылған сусындар – 11,2%, темекі өнімдері – 10,7%, алкогольді ішімдіктер 7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,1%, құмшекерге 14%  болған.

Баға өсімі оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,6%, кеңсе тауарларына – 6,3%, автомобильдерге – 6,2%, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 5,8%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,9%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 4,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 4,5% құрады. Бензин – 4,5%, баллондағы сұйытылған газ – 0,9%, дизель отыны 0,7% арзандады.

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 8,1%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 6,3%, денсаулық қызметтеріне – 5,3%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 5%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 4,9%, қоғамдық тамақтандыру – 4,6%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға 4,3% өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу