Елімізде инновациялық кірпіш шығарылуы мүмкін

1068

Елімізде инновациялық кірпіш шығарылуы мүмкін

Швейцария кәсіпкерлері елімізде инновациялық кірпіш шығаратын зауыт салуға ынталы. Бұл туралы құрылыс заттарын шығаратын швейцариялық компания директоры Гидо Сакко мәлім етті

"Менің компаниям құрылыс материалдарының жаңа түрін шығарады, ол сіздің ел үшін қажетті болуы мүмкін. Біздің компания ұсынып отырған кірпіштің жер сілкінісіне төтеп бере алатын, өртенбейтін және жылу сақтай алатын ерекшелігі бар. Бұл Швейцария ғалымдарының өнертабысы", - деді Гидо Сакко.

Оның айтуынша, кірпіштің құны да аса қымбат болмайды. Себебі, оның құрамы цемент пен ағаштан тұрады. Қазіргі уақытта аталған өнім қатардағы құрылыс материалы бағасымен бірдей сатылып жатыр.

"Оны тасымалдау қиындық туғызады. Сондықтан, осы жерден шығаруды көздеп отырмыз. Біз Қазақстанда бірнеше кәсіпорын ашуға дайынбыз, бірақ ол кірпіштер шыға бастағанда өзге өнімдерді нарықтан ығыстырып жіберуі мүмкін", - деді шетелдік кәсіпкер.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу