Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде интернет-алаяқтықты тіркеу 1,3%-ға, 9585-тен 9462-ге дейін төмендеуі байқалады. Ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтық 34%-ға, яғни, 2022 жылғы 2134-тен биыл 1406-ға азайды", – деді спикер.
Сонымен қатар, 2023 жылы министрлік киберқылмысқа қарсы іс – қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ведомстволық Бағдарламаны іске асыруға кірісті.
"Осы бағдарлама шеңберінде бар проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдануда", – деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы.