Елімізде интернет арқылы сатып алушылар 2, 3 миллионнан асты

817

 Бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 18 пайызға жоғары.

Елімізде интернет арқылы сатып алушылар 2, 3 миллионнан асты

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Қазақстандағы электронды коммерцияның дамуы туралы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен жылы елімізде электрондық коммерция көлемі елеулі түрде артты. Бүгінде Қазақстанда электрондық коммерция саласында 1 700-ге тарта кәсіпкер жұмыс істеуде. Осы орайда 2019 жылы бұл кәсіпкерлер саны бірнеше есе артуы үшін белсенді іс-қимылдарды жүзеге асырудамыз", – деді Сәкен Сәрсенов баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде интернет арқылы сатып алушылар 2, 3 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 18 пайызға жоғары.

"Біздің электрондық коммерцияның ішкі нарығы 300 млрд теңгеге дейін өсті. Қазақстан бойынша 35 млн сәлемдеме жіберілді, бұл көрсеткіш 2017 жылдағыдан 60 пайызға артық", – деді "Қазпошта" басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу