Елімізде инвестиция тарту бойынша көш бастап тұрған қала анықталды

1367

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін, экономика саласында көптеген өзгерістер болды. 

Елімізде  инвестиция тарту бойынша көш бастап тұрған қала анықталды

Шымкент инвестициялар тару бойынша бірінші орында тұр. Былтырғы жылы қала экономикасына тартылған қаражат көлемі 582,1 млрд теңге.

"2018 жылы қала экономикасына 582,1 млрд теңге тартылды, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды", - деп мәлімдеді қала әкімі Ғабидула Әбдірахимов 15 ақпан күні халыққа есеп беру кездесуінде. 

Аралық сараптамаға сүйенер болсақ, қаланың экономикалық өсімі 7,6%-ға өскен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 трлн теңге болған. 17 367 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан 5,1%-ға дейін төмендеген.

Шымкент қаласының статистика департаменті мәліметінше, 2018 жылы Шымкентке тартылған қаражат көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу