Елімізде инвестиция жөнінде жаңа ұлттық компания құрылады

873

Елімізде инвестиция жөнінде жаңа ұлттық компания құрылады

Ақпан айының соңына дейін инвестиция жөніндегі "Кazakh Invest" ұлттық компаниясының құрылатынын және қайта құру процедурасы аяқталады, деп мәлім етті ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы С.Тұяқбаев.

" 2016 жылдың 9 айында тікелей инвестициялар 4,5 есе өсіп, 12,3 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылғы маусым айының аяғына дейін Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, Инвестицияларды тарту жөніндегі Ұлттық стратегия әзірленіп, оған инвестицияларды тартуға қатысқан барлық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, дипломатиялық өкілдіктерге арналған индикаторлар енгізілетін болады",  – деді С.Тұяқбаев.   

Сондай-ақ, С.Тұяқбаев ақпан айының соңына дейін инвестиция жөніндегі  "Кazakh Invest" ұлттық компаниясының құрылатынын және қайта құру процедурасы аяқталатынын хабарлады.

Аталмыш компания шетелдік өкілдіктер мен филиалдардың ауқымды желісін қамтып, Үкімет атынан ірі инвесторлармен және мақсатты ТҰК-мен "біріңғай келіссөз жүргізуші" ретінде  іс-қимыл жасайтын болады.

Компания функцияларына инвестициялық жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету, инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін әзірлеу, мақсатты және дайындығы бар инвесторларды тарту, ресми тұлғалармен қол жеткізілген  барлық келіссөздерге мониторинг (фоллоу-ап) жасау; "Бір терезе" қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету және туындаған мәселені жергілікті жерде шешу; АЭА пен инфрақұрылымды дамытуды басқару кіреді.

Инвестиция комитеті төрағасының айтуынша, биыл сәуірде инвестиция жөніндегі ОЭСР Комитетіне кіру жұмыстары аяқталатын болады. Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында бірлескен жұмыс қорытындылары бойынша инвестиция жөніндегі ОЭСР Комитеті Қазақстанды осы ұйымның қатысушысы ретінде шақыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Трансұлттық компанияларды тарту бойынша Президенттің сынын ескере отырып, Мемлекет басшысының инвесторлармен келісімін жүзеге асыру және оны мониторингтеу күшейтілетін болады. Қазір шетелдік инвесторлардың барлығы 200-ден астам бастамасы жұмыс үстінде. Бұдан бөлек, салалық мемлекеттік органдармен, облыс әкімдіктерімен және ұлттық компаниялармен бірге әлеуетті инвесторларға ұсынылатын жобаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (инвестициялық ұсыныстар). 

Бүгінде министрлік инвесторларды қолдау үшін "бір терезе" қағидаты бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе енгізу бойынша жұмыс жасап жатыр. Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу арқылы Жобаларды жүзеге асыруда виза алу, келіссөздер жүргізу сияқты жұмыстар бірыңғай ақпараттық жүйеде көрсетілетін болады.

Әрбір жобаға "Kazakhinvest" ұлттық компаниясы" АҚ-ның бір-бір қызметкері жауапты болады.Сондай-ақ, С.Тұяқбаев қазіргі уақытта Арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтың жұмысын жандандыру үшін жаңа қадамдар жасалып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу