Елімізде инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы топ құрылды

840

Қазақстан Президентінің инвестицияларды басқару жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әлеуетті инвесторлармен жұмыс істейтін Task Force арнайы тобы құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Елімізде инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы топ құрылды

Арнайы топты құру туралы бірлескен бұйрыққа Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды. 

"Task Force – инвестициялық штабтың жұмысын ұйымдастыруға және оның күн тәртібін қалыптастыруға жауапты арнайы келіссөздер жүргізетін топ. Ол жобаларды әзірлеу, құрылымдау процесінен бастап, инвестициялық жобаны іске асыру басталғанға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді", - деп жазылды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінде команданың алғашқы құрамы қалыптасқан. Оған Kazakh Invest және АХҚО қызметкерлері тұрақты мүшелер ретінде кірді. 

"Арнайы топтың жұмысына ОМО, ЖАО, қаржы институттары, квазимемлекеттік сектор мен "Атамекен" ҰКП қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің өкілдері тартылады", - деп жазылды хабарламада.

Инвесторлармен пысықталатын нақты жобалар премьер-министрдің төрағалығымен инвестициялық штабтың қарауына шығарылады. Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша шешімді қабылдау.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу