Елімізде ипотекаға сұраныс төмендеді

546

Қазақстандықтар қаңтар-наурыз айларында ипотекалық несиелерді аз рәсімдеді.

Елімізде ипотекаға сұраныс төмендеді Фото: Крыша

Өтінімдердің саны өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 13%-ға қысқарды: 224 мыңнан 194 мыңға дейін, деп жазады inbusiness.kz krisha.kz порталына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық Банкі ай сайын банктерде жүргізген сауалнамасында көрсетілгендей, ипотекаға сұраныстың азаюы көбінесе ірі банктерде байқалды.

Банктер бұл көрсеткіштің төмендеуін "7-20-25"  мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы лимиттердің тез игерілуімен байланыстырады. Бұдан бөлек оған жылдың басындағы маусымдық фактор да әсер етті, деп атап өтті Ұлттық Банк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу