Көліктің қоршаған ортаны ластау мәселесі өзекті және бұл ең алдымен елдегі автопарктің ескіруімен байланысты екенін атап өтті.
Бұдан өзге автопаркті жаңарту және экологиялық таза көлік түрлерін дамытуды ынталандыруды жалғастырады.
– Мұндай мәселе бар. Жалпы, бұл көліктердің ескіруімен байланысты. Ескі көліктер қоршаған ортаны көбірек ластайды. Мемлекет жаңа автокөліктерді сатып алуды ынталандыруды жалғастырады. Ақылы жолдар мен бензинге салынатын салықтар азаматтарды қоғамдық көлікке отыруға көбірек ынталандырады. Қоғамдық көлікті газ отынына көшіру және жаңа электр автобустарын сатып алу жұмыстарын жалғастырамыз, – деді бірінші вице-премьер Роман Скляр.