5 айда ауданы 10 мың шаршы метрден асатын сауда нысандарының құрылысы бойынша орындалған жұмыс көлемі 5,7 млрд теңгеге орындалды, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram арнасына сілтеме жасап.
Алдыңғы екі жылмен салыстырғанда өсім байқалған.
"Жоғары өсім 2021, 2022 жылдағы төмен базалық әсермен байланысты екені сөзсіз. Салыстырар болсақ, 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында көрсеткіш салыстырмалы деңгейде болған (4,9 млрд теңге). 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты алғанда бұл 5 есеге (3,9 млрд теңгеге) артты. Қалай дегенмен де бұл келешекте ірі сауда орталықтарын пайдалануға берудің күрт өсуі күтілетінін көрсетеді", - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.
Ақпаратқа сәйкес, 2019 жылы 11 сауда ойын-сауық орталығы, 41 сауда үйі тапсырылды. Ал, 2020 жылы 10 СОО және 55 сауда үйі, 2021 жылы – 8 СОО және 51 СҮ, 2022 жылы – 19 СОО және 92 СҮ, 2023 жылдың 1 тоқсанында 4 сауда ойын-сауық орталығы және 23 сауда үйі пайдалануға берілді.