Елімізде іскерлік белсенділік индексі жақсара бастады

Бұған дейін аталған көрсеткіш сегіз ай бойы теріс аймақта болған. 

Елімізде іскерлік белсенділік индексі жақсара бастады Фото: el.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халықаралық Валюта Қоры әлемдік экономиканың өсу болжамын 2,7%-дан 2,9%-ға дейін көтерді. Бұл көптеген елде экономиканың орнықтырақ болуына, логистикалық проблемалардың шешілуіне, карантиндік шектеулер алынғаннан кейін Қытайдың экономикалық белсенділігінің қалпына келуіне байланысты болады", – деді Берік Шолпанқұлов.

Оның дерегінше, жыл басында әлемдік экономикалық белсенділік жақсарған. Қаңтар айында іскерлік белсенділіктің жаһандық композиттік индексі (global PMI) 2022 жылғы желтоқсан айындағы 48,2-ден 49,8-ге дейін өсті. Қаңтар айында өндіріс пен жаңа тапсырыстардың төмендеуі соңғы алты айдағы ең аз мәнді көрсетті және тұрақтана бастады. Бизнес өкілдерінің оптимизмі сегіз айлық максимумға дейін өсті.

"Қазақстанда сегіз ай бойы теріс аймақта болған іскерлік белсенділік жақсара бастады. 2023 жылғы қаңтар айында іскерлік белсенділік индексі 50,7 болып, өсу аймағына көшті. Қызмет көрсету және өндіріс секторында іскерлік белсенділіктің жақсаруы байқалды, онда индекстер 52,1 және 51,3-ке дейін көтерілді", – деді ҰБ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу