Биылғы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автомобильдердің ең көп талап етілген брендтерінің бестігін Lada (9 414 бірл) бастап тұр, деп хабарайды "КазАвтоӨнеркәсіп" ҚАСКО" ЗТБ-ның баспасөз қызметі.
Одан кейінгі орында Hyundai 5 494 бірлік сатылыммен тұрса, келесі кезекте KIA (1 658 бірл) сұраныста болып шықты.
Ал JAC маркалы 978 бірлік, Chevrolet маркалы 715 бірлік автокөлік сатылған. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ Ravon (552 бірл), Skoda (512 бірл), Peugeot (132 бірл) және SsangYong (14 бірл) кірді.