Елімізде қай мамандардың жалақысы жоғары

857

2 өңірде жалақы көлемі төмендеген.  

Елімізде қай мамандардың жалақысы жоғары

Қазақстанда тұрғындардың сатып алу қабілеті өскен: бір жылда плюс 6%, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы бірінші тоқсанда еліміздегі қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 216,6 мың теңге болды. Өткен жылғы бірінші тоқсанмен және инфляция деңгейін ескерсек, тұрғындардың сатып алу қабілеті 5,7%-ға өскен.

Жалақысы ең жоғары өңірлер – Атырау және Маңғыстау облыстары: 383,6 мың және 310 мың теңге. Нұр-Сұлтан мен Алматы қызметкерлері де жоғары жалақы алады: 279,8 мың және 243,7 мың теңге.

Дегенмен төлем қабілеті өткен жылмен салыстырғанда Алматы мен Маңғыстау облысында төмендеген: 0,9% және 2,6%.

Ең жоғары жалақыны тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы мамандар алады: 488,2 мың теңге.

Ең жоғары жалақы алатындардың қатарында қаржы, сақтандыру қызметі (404,1 мың теңге) және ақпарат, байланыс (321,4 мың теңге) саласының мамандары бар.

Сатып алу қабілеті денсаулық сақтау (+21%) және білім беру (+15,9%) салаларында айтарлықтай өскен, ал өнер, ойын-сауық және демалыс (-10,9%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (-8,6%), жылжымайтын мүлік операциялары (-3,2%) және құрылыс (-1,4%) сынды салаларда төмендеген.

2020 жылы жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 196,7 мың теңге болды, ресми деректерге сәйкес, оның сатып алу қабілеті 5,3%-ға өскен.

Өткен жылы сатып алу қабілеті тек екі өңірде: Атырау ( бір жылда минус 0,8%) және Батыс Қазақстан ( бір жылда минус 0,4%) облыстарында төмендеген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу