Елімізде қай облыс тұрғындары көк түтінге тым әуес?

494

Биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша темекі бағасы бір жылда 19,3%-ға қымбаттады.

Елімізде қай облыс тұрғындары көк түтінге тым әуес? Фото: inbusiness.kz

Ең жоғары баға өсімі Астанада тіркелді (+24,3%). Антилидерлер бестігінде Шығыс Қазақстан (22,4%), Ақмола (22,3%) және Жамбыл (22,1%) облыстары мен Алматы (плюс 21,3%) қаласы бар. Бағаның ең төменгі өсімі Павлодар облысында:+12,5%, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Осы жылдың 2 айында республикада 2,3 млрд өнім шығарылды. Бұл былтырғыға қарағанда 3,9%-ға аз.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында темекі бұйымдарының өндірісі 7,9%-ға, 17,4 млрд бұйымға дейін артты.

Былтырғы төртінші тоқсанда үй шаруашылықтарының темекі өнімдеріне орта есеппен 11,5 мың теңге жұмсады. Жылдық өсім – 9,4%.

СҚО тұрғындары темекі өнімдеріне ең көп ақша жұмсады: әр үй шаруашылығының жұмсаған шығыны 20,5 мың теңге. Антилидерлер қатарында Павлодар (тоқсанына әр үй шаруашылығы – 20,3 мың теңге) және Ақмола (19,3 мың тг) облыстарының тұрғындары бар. Ең аз шығындар Шымкент (2,6 мың тг), Маңғыстау (3,2 мың тг) және Түркістан (4,5 мың тг) облыстарында тіркелді.

Ресурстың мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың 12 айында елімізде тыныс алу органдарының ауруларынан 13,1 мың адам көз жұмған.  

Бұл ауру түрінен болатын өлім-жітім Алматы облысында (1,4 мың адам) жиі тіркелген, ең азы – Ұлытау облысында (барлығы 105 адам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу