Елімізде қай салада жалақы төмен?

2119

Бұл секторда көрсетілген қызметтер саны артып келеді. Дегенмен әлі "дағдарысқа дейінгі" көрсеткіштерге жеткен жоқ. 

Елімізде қай салада жалақы төмен?

Ресми ақпараттарға сүйенсек, елімізде ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс саласында еңбек ететін мамандар алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Саладағы орташа айлық атаулы жалақы 2021 жылдың үшінші тоқсанында небәрі 162,6 мың теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен төмен.

Биылғы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлер жалақысының сатып алу қабілеті 1,7%-ға артты. Ал жалпы Қазақстан бойынша көрсеткіші 5,1%-ға төмендеді.

Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша өнер, ойын-сауық және демалыс саласында еңбек ететін қызметкерлердің саны 69,9 мың адамды құрады. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтердің көлемі 33,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 9,7%-ға артық. Бірақ "коронавирусқа дейінгі" көрсеткіштен 16,4%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу