Елімізде қаймақтың орташа бағасы қандай?

446

Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. 

Елімізде қаймақтың орташа бағасы қандай? Фото: www.championat.com

Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған.

Қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 тг мөлшерінде. Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 тг.  Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек.

 Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг.

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу