Елімізде қайталама нарықтағы баспана бағасы түсіп жатыр

414

Жыл басынан бері қайталама нарықтағы тұрғын үй 3,7%-ға арзандады. 

Елімізде қайталама нарықтағы баспана бағасы түсіп жатыр  Фото: inbusiness.kz

Қайталама нарықтағы тұрғын үй арзандап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, алдыңғы айға қарағанда бір шаршы метр бағасы 1,7%-ға, яғни 494,4 мың теңгеге дейін төмендеді, деп жазады inbusiness.kz  Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бір жағынан баға соңғы 5 айдың төртеуінде төмендеп жатыр. Ал мамыр айында баға өзгермеген. Екіншіден, қазіргі төмендеу 2015 жылдың басынан есептегенде ең жоғары мән. 

Екінші нарықтағы баспана бағасы Астанада қатты төмендеді (-3,4%). Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанайда (-1%) да айтарлықтай төмендеу қарқыны тіркеледі. Өскеменде 0,5%-ға арзандады. 

Жыл басынан бері қайталама нарықтағы тұрғын үй 3,7%-ға, бір жылда 0,7%-ға төмендеді.

Бұдан бөлек жаңа тұрғын үй бағасы да арзандаған: 0,1%-ға ғана. Оның шаршы метрі 486,2 мың теңге тұрады. Бұл – жаңа баспаналардың соңғы 7 айда екінші төмендеуі, деді сарапшылар. Жыл басынан бері жаңа тұрғын үй бағасы 1,6%-ға, бір жылда 4,3%-ға өсті.

Арзандау 4 қалада байқалып отыр: Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%), Көкшетау (-0,9%).

Баспананы жалға алу құны қымбаттаған. Бір шаршы метр құны 4,7 мың теңгені құрады, бұл өткен айдың деңгейіне қарағанда 1,9%-ға артық. Бағаның өсуі маусымдық ерекшелікпен байланысты екені белгілі. Алайда жалға алу құны 2015 жылдың басынан бері шілдеде бұлай қатты қымбаттамаған.

Пәтерақы бағасы Қарағандыда ең көп қымбаттады: +3,9%. Одан кейінгі орындарда Алматы (3,1%) қаласы орналасты. Бағаның өсуі Петропавл (0,6%) мен Шымкентте (0,1%) тіркелді. Басқа қалаларда бағалар өзгермеген.

Айта кету керек, жыл басынан бері баспананы жалға алу құны 1,5%-ға арзандады. Ал жыл қорытындысы бойынша баға 28,6%-ға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу