Елімізде қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы құрылды

Қазақстандағы қоқыс полигондарында түзілетін 100 мың тонна пластиктің бүгінде тек 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді.  

Елімізде қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы құрылды Фото: Aikyn.kz

Ұйым Қазақстанның қайталама шикізат нарығында жұмыс істейтін өндірушілерді біріктіреді. Бұл өндіріс секторы әлемде аса ауқымды өсу перспективасына ие экономика саласы ретінде үлкен рөл атқарады.

Адам қызметінің нәтижесінде туындайтын қайта өңделуі тиіс қалдықтардың бір бөлігі аса құнды болып саналады және бизнес үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қалдықтарды қайта пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімділігі ғана емес, сонымен қатар қоқыс үйінділерінің көлемін азайтуға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретіні өте маңызды. Сонымен қатар, Қазақстанда бұл сала мен нарық жедел трансформацияны, мемлекеттік қолдауды және даму үшін ынталандыруды қажет етеді.

"Мәселен, Қазақстандағы қоқыс полигондарында түзілетін 100 мың тонна пластиктің бүгінде тек 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді. Еліміздің экономикасына миллиондаған қаржы әкеле алатын қалған 96,5 мың тонна пластик полигондарда жерге көміліп, бей-берекет полигондарда шіріп, өртеніп кетеді, ал Қазақстанда бар қайта өңдеу зауыттары шикізат тапшылығына байланысты толық өндірістік қуатында жұмыс істей алмай отыр. Бұл ретте қайта өңдеуші зауыттар қайта өңделуі тиіс барлық қазақстандық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өршіл міндет қойып отыр, бұл полигондарға жүктемені айтарлықтай азайтады және олардың ластану деңгейін төмендетеді", – деді қауымдастықтың басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу