Елімізде қалдықты қайта өңдеу қолға алынуда

759

Елімізде қалдықты қайта өңдеу қолға алынуда

Еліміздегі 100 миллион тонна тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу мәселесі қолға алынып жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Мысалы, Астанада 36 млн еуроға салынған кешен іске қосылған. Испания, Италия және Австрия мен Финляндия өндірісінің жабдықтарымен қамтылған кәсіпорын жылына 250 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейді. Яғни, пластик пен қағаздардан өнеркәсіп пен құрылысқа қажетті материалдар дайындалады.

Бүгін "Өңір" депутаттар тобындағы сенаторлар Астанадағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап қайта өңдейтін зауытта болды. Тәулік бойы жұмыс істейтін кәсіпорын күніне 700 тонна қалдық қабылдайды.

Қазір кәсіпорынның бұл өнімін елордадағы ірі компаниялар пайдаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу