Елімізде қамауға алынғандар мен сотталғандардан да коронавирусқа сынама алына бастады

989

Бір  процесс бірінші болып Шымкенттегі ИЧ -167-де 11 түзеу мекемесінде жүргізілді.  

Елімізде қамауға алынғандар мен сотталғандардан да коронавирусқа сынама алына бастады

Елімізде қамауға алынғандар мен сотталғандардан да коронавирусқа сынама алына бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Уақытша тергеу абақтысына жеткізілгендер тез арада  оқшауланып, олар 15 күнге карантинге жатқызылуда. Мекеменің  медицина мамандары арнайы тесттермен  күдіктілерді тексеруден өткізіп, сынамаларды зертхалналарға жолдауда. Нәтижесі анықталғанға дейін сезіктілер түзеу мекемесінің арнайы карантиндік режимдегі бақылауына алынады.

Түзеу мекемесінің ішіндегі сотталғандардан да ауру белгілері пайда болған жағдайда сынама алу көзделген. Уақытша ұстау абақтысының басшылығы бүгінде түзеу мекемесі аумағында барынша сақтық шараларға көшірілгенін айтады. Қызметкерлер арнайы бетпердеремен және залалсыздандыру құралдарымен қамтылып, мекемеге өзге азаматтардың кіріп-шығуы тоқтатылған.

Күдіктілер сот процестеріне онлайн режимде қатысып, туыстармен де қашықтан сөйлеседі. Дәл осындай шаралар енді өзге өңірлердегі түзеу мекемелерінде де енгізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу