Елімізде қандай мамандық иелері тапшы?

7530

Заңгерлер мен экономистерге сұраныс төмен. Жол жөндейтін жұмысшы, күзетші, даяршы, дәнекерлеуші мен жүргізуші – елімізде ең тапшы мамандар тізімі осылай басталады.

Елімізде қандай мамандық иелері тапшы?

Жол жөндейтін жұмысшы, күзетші, даяршы, дәнекерлеуші мен жүргізуші – елімізде ең тапшы мамандар тізімі осылай басталады. Ал заңгерлер мен экономистерге сұраныс керісінше төмен. Оған электронды еңбек биржасындағы мәліметтер дәлел, деп хабарлады energyprom.kz. 

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында биржада 176 мың бос орын бар деп хабарланған. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 12,2% немесе 19,1 мыңға жоғары. Порталдағы түйіндемелер саны  да артып, 123,1 мыңға жеткен. Екінші тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіштер 20,2%-ға өскен. Яғни карантин шаралары күшейтілгенде, мамандарғанда сұраныс төмендеп, кейін қайта артқан. 

Электронды еңбек биржасында көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды мен Қостанай облыстары белсенді. Аталған өңірлер барлық бос орындардың 45%-ын орналастырған. 

Түйіндемелердің басым бөлігін Нұр-Сұлтан, Маңғыстау мен Атырау облыстарының тұрғындары тіркеген. 

Еліміздегі ең сұранысқа ие мамандықтар — жол жөндейтін жұмысшы (6,8 мың түйіндеме), күзетші (4,9 мың түйіндеме), жүргізуші (4,3 мың түйіндеме), бастауыш сынып мұғалімі (3,3 мың түйіндеме) және медбике (2,9 мың түйіндеме).

Сонымен қатар тапшы мамандықтар тізімінде де жол жөндейтін жұмысшы (бос орындар саны түйіндемеден 4,8 мыңға көп), күзетші (3,2 мыңға көп), даяшы (бос орындар саны түйіндемеден 1,5 мыңға көп) бар. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу