Елімізде қандай тауарлар арзандады?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 21,9%-ға өсті.  

Елімізде қандай тауарлар арзандады? Фото: google

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жыл басынан бері 21,9%-ға өсті.

Жылдық мәнде олар 21,3%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,9 пайыздық тармаққа жоғары.

Өткен апта ішінде арзандады:

Қант – 1,4%;

Қарақұмық жармасы – 0,5%.

Өткен апта ішінде қымбаттады:

Пияз – 1,8%:

Жұмыртқа, І санат – 1,2%,

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 6 желтоқсанға:

Қарақұмық жармасы – 517 тг/кг;

Картоп – 153 тг/кг;

Қырыққабат – 98 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу