Елімізде қанша адам COVID-19-ға қарсы екпе салдырды?

1336

Қазақстанда 131 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмамбетова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Елімізде қанша адам COVID-19-ға қарсы екпе салдырды?

"Бүгінде COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның бірінші компоненті 131 170 мың адамға салынды. Оның ішінде 77 мыңға жуығы медицина қызметкерлері, 24 мың мұғалім, 12 мыңнан аса күштік құрылымдардың қызметкерлері және 1 мыңнан аса жабық медицина мекемелерінде жұмыс істейтін мамандар бар.

Сондай-ақ COVID-19-ға қарсы екпе студенттерге, созылмалы ауруы бар науқастарға да салынды", - деді комитет төрайымы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, елімізде коронавирусқа қарсы вакцина 21 күн аралықпен 2 рет салынады. Бірінші доза антиденелердің шағын көлемде шығарылуына байланысты ұзақ сақталмайтын қорғаныс әсер береді. Екінші доза бірінші кезеңдегі вакцина әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелер саны ұлғаяды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу