Сондай-ақ 1 984 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Осылайша, елге індет келгелі 923 060 адам бұл инфекцияны жұқтырса, бүгінде олардың 866 242-сі жазылған.
ДСМ-нің бүгінгі мәліметі бойынша, 51 318 адам коронавирус инфекциясынан (44 971 КВИ+ және 6 347 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр, 103 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу