Елімізде қанша адам коронавирустан емделіп жатыр?

1265

Өткен тәулікте 1052 адам СOVID-19 вирусынан айыққан.

Елімізде қанша адам коронавирустан емделіп жатыр?

Қазақстанда 21 мыңнан аса науқас коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, өткен тәулікте 1 145 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде СOVID-19 вирусы жұқтырғандар саны 405 209-ға жетті.

Өткен тәулікте 1052 адам коронавирустан жазылды. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда барлығы 381 026 адам COVID-19 вирусынан айықты.

17 маусымдағы мәлімет бойынша 21 132 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

"6 468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 435 адамның жағдайы ауыр, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 73 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы;

"Сары аймақта": Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

"Жасыл аймақта": Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу