Елімізде қанша адам КВИ-ге қарсы вакцина алды

673

22 шілдеге дейін вакцинаның І компоненті 5 009 408 адамға салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде қанша адам КВИ-ге қарсы вакцина алды

"2021 жылғы 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 009 408 адам, 2-ші компонентін 2 992 214 адам салдырды", - деп хабарлады коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Еске сала кетсек өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте вакцина алғысы келмейтін азаматтармен саралау әдісімен жұмыс істеу керектігін мәлім еткен еді.

"Вакциналаумен аз қамтылған өңірлерде әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл құру керек. Бұл ретте аймақтардың ерекшеліктерін ескеру керек. Көңіл-күйлерін алдын ала зерттеп, "температурасын" анықтау керек",  – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу