Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінде республикада 11104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларға 1 млн 115 мың 460 бала барады. Балабақшалар, шағын орталықтар мен білім ордаларының мектепалды топтарында 336 614 балаға мектепалды даярлық топтары ұйымдастырылған", - деді спикер.
Оның сөзінше, елімізде соңғы 4 жылда балабақшаға тұру кезегі 2 есеге азайды.
"2-6 жастағы балаларды қамту – 89,4%, 3-6 жастағы балаларды қамту 98,3%-ды құрады. Десек те, балабақша кезегі әлі сақталуда. 2022 жылдың аяғында республика бойынша 1-6 жастағы 250 мыңнан астам бала кезекте тұр. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру аясында 3 жыл ішінде 222 340 жаңа орын ашу жоспарланып отыр", - деді Наталья Жұмаділдаева.