Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Балалар саны тұрақты өсуде және Қазақстан халқының үштен бірінен астамын – 6,6 млн адамды құрайды. Жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді", – дейді Насымжан Оспанова.
Ведомствоның мәліметінше, 7 723 мектепте 3 479 000 бала оқиды.
"Елімізде 22 080 жетім бала болса, оның ішінде 3 790 бала интернатта тәрбиеленуде. Ерекше білім алуды қажет ететін 188 мың баланың құқығына ерекше көңіл бөлінуде", – деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу