Елімізде қанша босқын бар?

1631

Қазақстан 509 ауғанстандықты босқын ретінде бауырына басқан.

Елімізде қанша босқын бар?

Еліміздегі босқындардың өзге мемлекеттерге емін-еркін шығуы үшін электронды құжат жасалып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

"2011 жылы Босқындар туралы заң қабылданған болатын. Бүгін бұл іспен Ішкі істер министрлігі айналысады. Қазір елімізде 523 босқын тіркелген. Оның 509-ы Ауғанстаннан келген. Халықаралық конвенцияларға сәйкес, елге келген босқындардың ісін арнайы комиссия қарап, шешім шығарады. Оларға босқын куәлігі беріледі. Ел аумағында бұл құжат олардың жеке куәлігі ретінде жүреді. Сондай-ақ, босқындарға жол жұру құжат беріледі. Сол арқылы өзге елдерге шыға алады. Жол жүру құжаты бойынша босқынның биометриялық деректері көрсетілген электронды нұсқасын дайындауды қарастырып жатырмыз. Бұл олардың өзге елдерге еркін шығуы үшін қажет", – деді министр.

Айта кетсек, елордада Қазақстандағы көші-қон үдерісін талқылауға арнғалған республикалық дөңгелек үстел өтіп жатыр. Шара аясында Қазақстан тарапы мен Халықаралық көші-қон ұйымы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу