Елімізде қанша фрилансер бар?

465

Қазақстанда фрилансерлік қызметтер нарығының нақты көлемін бағалау өте қиын. 

Елімізде қанша фрилансер бар? Фото: google

2021 жылы Қазақстанда 1 млн-нан астам адам фрилансер болып жұмыс істеді, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары осы айда жұмыс берушіден әлеуметтік аударымдар болмаған кездегі қазақстандықтарда міндетті зейнетақы жарналарының болуына талдау жүргізе отырып, осындай қорытындыға келіп отыр.

Ақпаратқа сәйкес, фрилансерлердің 78%-ы мұндай жұмысты жалдамалы жұмыспен біріктірген.

“Қазақстанда фрилансерлердің айлық орташа саны 255,8 мың адамға жетті. 2021 жылы фрилансерлердің 48%-ы тек бір жұмыс берушіде, 18%-ы екі, 10%-ы үшеуінде жұмыс істеді. Фрилансерлердің негізгі бөлігі білім беру, сауда салаларына (15%-дан), сондай-ақ мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру секторына (13%) тиесілі.

Орташа табыс 124 мың теңгені, медианалық табыс 65 мың теңгені құрады. Бұл шарт бойынша сыйақы мөлшері аз адамдардың көп екендігін көрсетеді. Бұл ретте ең жоғары табыс кәсіптік және ғылыми қызмет салаларына (орташа табыс 211 мың теңге және медианалық табыс – 111 мың теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібіне (209 мың және 149 мың теңге), ақпарат пен байланысқа (188 мың және 93 мың теңге) тән”, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өңірлік бөліністе Алматы, Астана және Шымкент қалаларына барлық фрилансерлердің шамамен 41%-ы, оның ішінде бір Алматының өзіне 22% тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу