Елімізде қанша оқу орны лицензиясынан айырылды?

612

Осы күнге дейін 15 оқу орны жабылған.

Елімізде қанша оқу орны лицензиясынан айырылды?

Қазақстанда мамандарды даярлауда талапқа сай келмейтін немесе лицензиясынан айырылған қанша кәсіптік орын бар?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Бану Нарбекова жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Лицензия мәселесі – бүгінде мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саясат. Осы күнге дейін 15 оқу орны жабылды. Бұл жұмыс жалғасын табады", деді спикер өз жауабында.

Бану Нарбекованың айтуынша, елдегі ЖОО-ның 60%-ы арнайы бағдарламаларын акредиттеуден өткізген. Бұл университеттерге мамандар дайындауға және мемлекеттік тапсырыс алуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу